Абай облысында бір ауыл алкогольден толықтай бас тартты

14.05.2024 14:54

Ауыл жастары осындай бастамамен шығып, оны ауыл ақсақалдары, әкімдік пен полиция қолдады

elements.envato.com

Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында халық саны 900-ден асады. Бүгінде ауылда үш азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Енді спирттік сусындар дүкен сөрелеріне қойылмайтын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауыл жастары осындай бастамамен шығып, оны ауыл ақсақалдары, әкімдік пен полиция қолдады.

Полицей Айбек Мұқанов 15 жылдан астам учаскелік инспектор қызметін атқарып келеді. Оның еңбек жолы адамдарға көмектесу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу туралы балалық арманынан басталды.

Айта кету керек жүйелі жұмыстың арқасында соңғы жылдары ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Алкогольден бас тартқаннан кейін бұл үрдіс жалғасады, деп санайды тәртіп сақшысы.

Айбектің еңбегі бірнеше рет тұрғындардың алғыс хаттарымен және басшылықтың құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның өзі бұл қызметте жер бедері мен адамдарды білу көп көмектеседі деп санайды.

– Мен өмір бойы ауылда тұрдым, маған ауыл өмірі ұнайды. Мен қалаға келгенде асығыс, қарбаласты көріп, бұл мен үшін емес екенін түсінемін. Менің ойымша ауылдық учаскелік инспектор өзі де ауылдан болуы керек, – деп бөлісті учаскелік инспектор.

Жергілікті тұрғындар ерікті түрде ішімдік ішуден бас тарту туралы бастамамен шықса, бұл шешім жас ұрпақ үшін жақсы үлгі бола алады.

Оқи отырыңыз: Үздік аула: алматылық әйел лайфхакпен бөлісті