Білім және ғылым вице-министрі қамауға алынды

06.06.2019 14:55

Оған қандай айып тағылғаны әзірге жария етілмей отыр

Bnews.kz

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

«Вице-министрге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаймыз. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады»,  деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 24 мамырда Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов екі айға қамауға алынған болатын.