Олар мал айдауға шыққан
Абай облысында екі шопан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылдары туған екі шопанына ҚМ-нің Ми-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
«Құтқарушылар қабылдаған шаралардың арқасында 39 жастағы ер адам «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті