БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті

Almaty.tv
Almaty.tv

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 наурыз күні кешке Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен ер адам 26 жастағы құтқарушыға шабуыл жасаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

«Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдікке мас болған», - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды

Новости партнеров