Жатақхана құрылысына мемлекет 118 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

aqmeshit-zhastary.kz
aqmeshit-zhastary.kz
Мақсат – ерікті студенттерді ынталандыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Студенттерге жатақхана қолжетімді бола бастайды. «Бес әлеуметтік бастама» негізінде  жатақхана құрылысына мемлекет он жыл ішінде 118 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал Алматы қаласындағы студенттер үйін салу және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 11 келісім-шарт жасалады. Сондай-ақ мектептердегі орын жетіспеушілік мәселесі де оң шешім таппақ. Осы бастама негізінде жастар үшін жоғары және орта білім алу бұрынғыдан қолжетімді болып отыр. Мәселен, Ақыл» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі арқылы ата-ана баласының жоғары және орта біліміне төлейтін ақшаны алдын-ала жинай алады. Қазіргі таңда елімізде «Ақыл» депозитінің 16 мың 212 салымшысы бар. Ал оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген жастар үшін кепілсіз студенттік несие қарастырылған. Негізгі қарыз сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқуды бітіргеннен кейін 6 айдан соң жүргізіледі. Сонымен қатар, «Бес әлеуметтік бастама» аясында волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін арттыру мәселесі қарастырылған. Мақсат – ерікті студенттерді ынталандыру. Жобаға қатысу үшін ниеттілер студент.қаз волонтер.кз сайтына кіріп тіркелуі керек.

«Ерікті болу - жүректің ісі» дейді, сондықтан қоғамның арасында не үшін волонтерлерге қаржы төленеді деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ біз бір дүниені ескеруіміз керек. Студенттер осы жобаның қатысушысы бола отырып өздерінің жол шығындарын немесе түскі тамақтарына қаражат ала алады», – дейді  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының өкілі  Ақжол Құрмансейіт.


Новости партнеров