Бүгін – Алғыс айту күні

kzvesti.kz
kzvesti.kz
Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет - еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды. Жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті. Дегенмен, 2019 жылы жер шарын шарпыған коронавирус пандемиясы кезінде күні-түні тікесінен тұрып, науқастарды қабылдаған еліміздің медицина қызметкерлеріне зор алғыс білдіргеніміз орынды болар. Өйткені, дәрігерлер пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрді. Олардың жаниқярлық еңбегіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та әділ бағасын берген еді. 

«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары»,- деп бағалаған болатын Қазақстан Президенті. 


Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы ұстазға байланысты екенін де індет жете түсіндірді. Осынау қиын кезеңдерде ұстаздар жедел арада қазіргі заман технологияларына бейімделіп, шәкірттеріне онлайн режимде сабақ беруді үйренді.

«Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып, жұмғанша жедел хабар алдыратын» технологияның арқасында болашақ буынның бойынша білім нәрін сіңірді. Қиындықтарға мойымады, мойұнсынбады. Жас буын бойына білім нәрін сіңіру жолындағы жұмыстарын абыроймен атқара білді. Сондықтан 1 наурыз күні барша ұстаз қауымына да алғыс айту артық етпейді.

Оқи отырыңыз: Алғыс айту күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді


Новости партнеров