Алматыдағы сауда орталықтың бірінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

14.04.2023 14:58

Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектісінде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған

elements.envato.com

Бүгін, осы жылдың 14 сәуірінде, Бостандық ауданында, Розыбакиев көшесі, 247 «А» мекенжайындағы «Мега Алма-Ата» сауда орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге салсақ, оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдысын дамыту.

Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектісінде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

«Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, біз азаматтарды өткізгелі жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын айта кеткен жөн», – делінген хабарламада.