Референдумға дейін:
17
күн
11
сағат
38
минут

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында көшелерді су басты

 Жамбыл облыстық ТЖД
Жамбыл облыстық ТЖД
Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінен жедел штаб құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында жауын-шашын салдарынан бірнеше көшені су басты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 7 шілдеде сағат 17:00-де Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жаңбырдың салдарынан Байсейітов, Есеев, Аяпов, Құрманғазы мен Клочков көшелерін су басты. 200-ден астам тұрғын үйдің ауласына су кіріп, 21 үй су астында қалды.

«Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі төмендеді. Атқарушы органдар су басқан үйлерді аралап, тексеріп жүр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Жаңатас қаласына ТЖД-ның 43 құтқарушысы келіп, 20-дан астам техника жұмылдырылды. Оқиға орнына облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Жеңіс Бақбергенов, сондай-ақ полиция мен аудандық әкімдік өкілдері тез арада жетті. Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінен жедел штаб құрылды. ТЖД-да жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Баянауылда суға батып бара жатқан мектеп оқушысы құтқарылды

Новости партнеров