Қабірді қайта ашқан азаматтар адам сенгісіз жағдайға куә болды

Қабірді қайта ашқан азаматтар адам сенгісіз жағдайға куә болды
Жерленген адамның қолында ағаш кісен болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жерлеу кезінде әмиянын жоғалтып алған азамат қабірді қайта аштырып, ақшалары мен құжаттарын алмақ болған. Алайда, бейіт басына барған азаматтар аз уақыт бұрын ғана жер қойнауына тапсырылған адамның жантүршігерлік бейнесін көріп, сергелдең жағдайға түскен, деп хабарлайды kyn.kz.

Қайтыс болған жақынын жерлеуге мазаратқа барған азамат жаназа шығарып, бақиға аттанған жақынын мәңгілік мекеніне қойып қайтады.

Осыдан кейін мәйітшілермен қосылып қайтыс болған кісінің отбасына оралғанда, жамбас қалтасында жүрген әмияны жоқ екенін байқап, айналасындағылардың сұрастырып, әбден әлекке түседі.

Ол жүрген жолын, басқан қадамдарының бәрін екшей келе, бүкіл маңызды жеке құжаттары мен қаражаты бар дүниесі көрде қалғанын сезеді.

Содан жаңағы жігіт молдалар мен үлкен кісілерден бірнеше сағат бұрын көмілген көрді қайта қаздыруға рұқсат сұрайды.

Ауылдың имамы Аллаға жалбарынып, кешірім дұғасын оқып болған соң бірнеше еркек барып, жаңа моланы қайта ашады. Сонымен әлгі жігітпен қосылып қабір қазғандар адам айтса сенбейтін жағдайға куә болған екен.

Бірнеше сағат бұрын қабірге қойылған мәйіттің үйін қайта ашқанда жерленген адам отыр екен. Қолында ағаш кісен бар. Бір топ адам мұны көргенде төбе шаштары тік тұрса да, тілдерін кәлимаға келтіріп, Құрандарын тоқтатпай оқып, отырған мәйітті қайта орнына жатқызғанда қолындағы ағаш кісен жоқ болып кетеді.

Топырағы кеппеген моланы ашқандар әмиянды тапқанымен, жүздері ақ қағаздай қуарып, бір бірімен тілдесуге шамалары келмей, қайтып келеді.

Осы оқиғадан кейін әкімшілікте қызмет атқарып жүрген азамат бір ауыз сөзге келместен, ешкімнің уағызын тыңдамай-ақ, бір-ақ күнде имандылық жолын таңдап кеткен екен.

Новости партнеров