Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мақсат – мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу
1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе ата-анаға артық шығынға айналмауы тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Министрлік гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі маңызды екенін атап өтті. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек.
«Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс», – делінген ведомство хабарламасында.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мақсат – мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу. Сондай-ақ балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу көзделеді.
Оқи отырыңыз: Жүзден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді