1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифі көтеріле ме

28.03.2026 16:02

Тариф кенеттен емес, біртіндеп көтерілуі мүмкін

Аlmaty.tv

1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет көрсетушілер тарифті заңды түрде көтере алады. 2025 жылғы қазанда күшіне енген мораторий аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Krisha.kz-ке сілтеме жасап. 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде тариф қандай болатыны және қай жерде көтерілетіні дөңгелек үстелде талқыға түсті.

Мораторийдің аяқталуы нені білдіреді?

Қызмет көрсетушілер су, электр, жылу және басқа коммуналдық қызметтердің тарифін көтере алады.

Билік тариф кенет емес, біртіндеп көтеріледі деп уәде берді.

Коммуналдық қызметке мыналар кіреді:

  • жылу — ыстық су, жылу;
  • электр қуаты;
  • су — салқын су;
  • кәріз жүйесі;
  • газ;
  • қоқыс шығару;
  • лифтке қызмет көрсету.

Тариф қашан көтеріледі?

1 сәуірден кейін барлық коммуналдық қызметтің тарифі бірден көтерілмейді. Алдымен компаниялар Табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтінім жібереді, оны қарағанша уақыт кетеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті алғашқы өтінім сәуірде түседі деп күтіп отыр.

Қызмет көрсетушілер «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша өтінімді жылдам жіберсе, тариф маусымда өзгере бастайды. Бұл жағдайда өтінімді қарау мерзімі — 40 күн, стандарт — 90 күн.

Қай тариф бұрын қымбаттайды?

Нашар жағдайдағы желілер (ескірген, жиі апат болатын, техникалық жабдықтары ескі) бірінші кезекте болады.

Мұндай аймақтар Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан, сондай-ақ проблемалары көп Ақмола облысы болуы мүмкін.

Қалай қымбаттайды?

Нақты ақпарат жоқ. Бірақ шектеу бар: тариф инфляциядан жоғары болмауға тиіс. Биыл бұл — 9–12%.

Тағы не өзгереді?

Билік «тарифтердің өзара байланысы» деп аталатын тәсілді қарастырып жатыр. Мысалы, электр энергиясы қымбаттаса, бұл су, жылу және басқа қызметтердің тарифіне әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Digital Qazaqstan 2026 аясында Еуразияның цифрлық байланысын дамыту мәселесі талқыланды

Теги: тариф баға