|
30.07.2024 | 10:00
73

Атырауда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Қазір ауыр дене жарақаты бар бала ауруханада жатыр

Атырауда 6 жасар бала терезеден құлап кетті elements.envato.com

Атырау қаласында 6 жасар бала тұрғын үйдің 3-қабатындағы терезесінен құлап кетті. Қазір ауыр дене жарақаты бар бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға кеше, 29 шілдеде болған.

«Түсқайта сағат 16:00 шамасында Атырау қаласының Б.Құлманов көшесінде орналасқан 6 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Ол ауыр дене жарақатын алған. Терезеден құлаған бала жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бұл – жыл басынан бері тіркелген жетінші дерек.

Бұған дейін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Сәбит Борашев 6 баланың терезеден құлағанын айтқан еді.

«Кейінгі кезде балалардың жазатайым оқиғаға ұшырауы жиіледі. Әсіресе, 2-7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауы көбірек кездеседі. Негізгі себеп – оңай ашылатын пластикалық терезе. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне салғырттық танытады. Көпшілігі балаларын үйінде қараусыз қалдырып кетеді. Осындай себептің салдарынан жыл басынан бері 6 бала терезеден құлады», - деген еді Сәбит Борашев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир