|
15.04.2022 | 10:00
1032

Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткер зират маңынан табылды

Қалжыраған зейнеткер терең арықтың түбінде бірнеше сағат отырған

Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткер зират маңынан табылды Фото мен видеоны еріктілер ұсынды

Павлодарлық оқушылар жоғалып кеткен қарияны қала зиратының маңындағы үш метрлік шұңқырдан тапты. Қалжыраған зейнеткер терең арықтың түбінде бірнеше сағат отырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер есте сақтау қабілеті нашар қарт адам жоғалып кеткенін қалада жапсырылған қағаздардан білген. Онда қария таңертең үйден белгісіз бағытта шығып кеткені жазылған.

Еріктілер жақын маңдағы үйлер мен аулаларды аралап жүргенде, мектеп оқушылары ескі қалалық зират пен оған іргелес аумақты тексеруді ұйғарған.

"Зираттың маңынан құрғақ бұталар мен кірпіш сынықтары бар терең шұңқырды көрдік. Оның ішінде ата отырды. Ол бүгіліп отырды, сөйлей алмады. Дамир екеуміз төменге түсіп, орнынан тұруға көмектестік, ал Артур, Әнуар, Әділ және Санжар оны жоғарыға көтерді", - дейді 8-сынып оқушысы Рафаэль Ғиниятов.

Жасөспірімдердің айтуынша, қарт кісі шөлдеп, қатты ашыққан. Оқушылар оны жақын маңдағы дүкенге апарып, су мен тамақ алып берген. Осы аралықта сатушы қарияны іздеп жатқандарға телефон соғып, олар мектеп оқушыларымен бірге қарт кісіні үйіне апарған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир