Белгілі блогер Руслан Жанпейісов қамауға алынды

27.09.2019 15:01
otyrar.kz

Танымал қазақстандық блогер және азаматтық белсенді Руслан Жанпейісов Шымкентте ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласының тұрғыны құзырлы органдарға дене жарақатын алғаны туралы арызданған.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" және 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Сондай-ақ, полиция қызметкерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлімі "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Теги: блогер