|
07.05.2023 | 10:01
2620

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне мемлекеттік награда табыс етті

36 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берілді

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне мемлекеттік награда табыс етті gov.kz

Кәсіби мереке қарсаңында Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы күштерінің үздік әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнінің маңыздылығын атап өтті.

Ұлы Отан соғысы адамзат санасында өшпес із қалдырды. Ол өркениет тарихындағы ең қайғылы беттердің біріне айналды. Отанды агрессордан қорғауда қазақстандық жауынгерлер ерекше ерлік пен қаһармандықтың озық үлгісін көрсетті, - деді ол.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов бүкілармиялық кеңесте Президент әскери қызметшілердің армияның жоғары жауынгерлік дайындығын қолдау мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктерін жоғары бағалағанын атап өтті.

Қарулы күштердің барлық жеке құрамының қызметіне жоғары баға беру бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді Қорғаныс министрі.

Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Қарулы күштердің бірқатар әскери қызметшілері Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Оны генерал-полковник Руслан Жақсылықов табыс етті. II дәрежелі "Даңқ" ордені Қарулы күштер Тылының бастығы генерал-майор Алмаз Ахмадиевке, "Құрмет" ордені бас инспектор – Қорғаныс министрінің көмекшісі Айгүл Төлембаеваға, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен Арнайы техникалық әзірлемелер бас басқармасының бастығы полковник Тимур Сәдуақасов, 21450 әскери бөлімінің дивизион командирі майор Қадыржан Қали және 44859 әскери бөлімі инженерлік-саперлік батальонының аға маманы кіші сержант Ілияс Құрманбек марапатталды.

Үлгілі қызметі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығымен төрт офицерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.  Генерал-полковник Руслан Жақсылықов 44841 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Гиззатовқа және 18404 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі Жоламан Ердәулетұлына "капитан", 27943 әскери бөлімі миномет батареясының командирі Думан Абайға және 75263 әскери бөлімінің рота командирі Асылбек Болысбекке "майор" әскери атағын берді.

Қарулы күштер бойынша барлығы 26 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградалармен марапатталды. 36 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир