Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда (Мексика) Сауль «Канело» Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4 жеңісіне қол жеткізді. Ал Фабиан Риос Фраусто кәсіби мансабында 7 рет жеңілді.
Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері болған. Ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!