Атырау облысының тұрғыны далада екі күн бойы адасып жүрген

Атырау облысының тұрғыны далада екі күн бойы адасып жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының тұрғыны иен далада екі күн бойы адасып жүрген. Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды «МГ»-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, 22 қаңтар күні сағат шамамен 14:00-де 50 жастағы ауыл тұрғыны «УАЗ» көлігімен малға шығып, содан үйіне оралмаған. 

«Алайда туыстары ер адамның жоғалғаны туралы ТЖД кезекші қызметіне тек 23 қаңтар күні сағат 21:17-де хабарлаған. Іздеу жұмыстары сол күні кешке басталды, бірақ күн батып, қатты бұрқасын болуы салдарынан тоқтатылған», - деп баяндады ТЖД баспасөз қызметінен. 

24 қаңтар күні сағат 9:00-де іздеу жұмыстары қайта басталды. Оған ТЖД-нің бес құтқарушысы, бір арнайы техника, Индер АІІБ-нің төрт полиция қызметкері, бортында экипаждың төрт мүшесі және ТЖК-нің «Батыс аймақтық аэромобильді құтқару жасағының» екі қызметкері болған «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «МИ-8МТВ UP-MI844» тікұшағы жұмылдырылды. 

«Жоғалған ер адам сағат 15.36-да Жарсуат ауылынан 70 шақырым жерде табылды. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Новости партнеров