Ақтөбеде 10-сынып оқушысы адам өлтіргенін мойындады

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы адам өлтіргенін мойындады
Оның кеуде тұсына пышақ жарақаты салынған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ІІМ Ақтөбедегі оқушылардың топтық төбелесіне пікір білдірді. Төбелес 26 қаңтарда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Балалар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды. Шалқар ауданындағы №40 мектептің 10-сынып оқушысы мерт болды.

«Кәмелетке толмаған 2003 жылғы бала аурухана жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды. Оның кеуде тұсына пышақ жарақаты салынған. Күдікті ретінде 2002 жылы туған оқушы ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша қамауға алынды», – дейді полицейлер.

25-27 қаңтарда жүргізген тексеру кезіне полицейлер 94 кәмелетке толмаған балаларды ұстады. Олардың 84-і ата-анасы не заңды өкілінсіз түнгі уақытта көшеде жүрді. 7 ата-ана жауапқа тартылды. Есепке 14 баланы алды. Олардың 13-і толыққанды емес отбасынан шыққан.

Новости партнеров