Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдау күшейеді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов осындай мәлімет берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы аясында саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов осындай мәлімет берді. 

«Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тұжырымдамада мыналар жоспарланған: - нарықтың жекелеген қатысушыларына әділетсіз артықшылықтар жасайтын барлық заңнамалық және реттеушілік актілердің күшін жою; - ШОК үшін реттеушілік кедергілерді қысқарту; - шектеулі бюджет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жеке ресурстар алдында ұжымдық пайдаға артықшылық беру; - жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауды ынталандыру; - бизнес есептілігін автоматтандыру және цифрландыру; - рұқсат беру құжаттарын қысқарту», - деді бірінші вице-министр. 

Оның айтуынша, тиімді және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға қайта бағдарлау арқылы кешенді қолдау шараларын ұсыну жүйесін қайта қарау ұсынылып отыр. Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру 2030 жылға дейін: ЖІӨ-дегі ШОК үлесі – 40%-ға дейін; ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерліктің үлесі – 20%-ға дейін; ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны – 5 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

«Тұжырымдаманы қабылдау шағын бизнесті орта және орта бизнеске ірі бизнеске айналдыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде тұтастай экономикаға оң мультипликативті әсер ететін болады», - деді Тимур Жақсылықов.


Новости партнеров