Тазы мен төбет: қазақы ит тұқымының стандарты бекітілді

05.04.2023 15:07
tengrinews.kz

2023 жылдың 31 наурыз күні "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясындағы шаралар туралы" ҚР Премьер-Министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 34-р өкімін іске асыру шеңберінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стандарттар аталған ит тұқымының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды.

Заңға сәйкес, қазақы ит тұқымының стандарттарын әзірлеу 2023 жылғы шілдеде іске қосылатын Ұлттық орталықтың құзіретіне кіреді. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/1119 бұйрығымен бекітілген стандарттар негізге алынды.

Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың стандарттарды әзірлеу жөніндегі құзыретін ескере отырып, қажет болған жағдайда, қабылданған стандарттар ит өсірушілер, қоғам  белсенділері, кинолог және тағы да басқа мамандардың пікірін ескере отырып пысықталатын болады.

Оқи отырыңыз: Биыл шегірткеге қарсы күреске 3,8 млрд теңге бөлінді