|
02.03.2021 | 10:07
3724

Алматыда Adam Bol Awards сыйлығының лауреаттары марапатталды

Алғашқы жаһандық қазақстандық Adam Bol Awards сыйлығы өмірде ерлікке әрдайым орын бар екенін өзінің ісімен шынайы көрсете білген адамдарға арналған

Алматыда Adam Bol Awards сыйлығының лауреаттары марапатталды пресс-служба акима Алматы

Алғашқы жаһандық қазақстандық сыйлықтың лауреаттары арасында өздерін күрделі жағдайда ерлігімен көрсете білген алматылықтар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марапаттарды салтанатты тапсыру рәсімін табыс етті. Қала тұрғыны өрттен алты адамды, оның ішінде балаларды құтқарып қалған еді.

Б. Сағынтаев қаһармандардың арамызда жүргенін және Adam Bol Awards сыйлығының олардың жасаған ерліктерін бүкіл әлемнің білетініне ықпал ететінін атап өтті.

«Сыйлық лауреаттарының әрқайсысы құрметке лайық әрі қоғамға қызмет етудің, жанқиярлық пен батылдықтың үлгісі», — деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Лауреаттар арасында алматылық, хайуанаттар құқын қорғаушы Сергей Снегирев те бар. Ол жанып тұрған ангардан 22 итті алып шықты, бірақ өзі көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға түскен еді.

Қиын жағдайда көмек қолын созып, жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен бірқатар қазақстандықтардың ерлігі аталып өтілді.

Алғашқы жаһандық қазақстандық Adam Bol Awards сыйлығы өмірде ерлікке әрдайым орын бар екенін өзінің ісімен шынайы көрсете білген адамдарға арналған. Біздің жалған кейіпкерлеріміз өздерінің жалған құндылықтарымен жаңа шындықты құруға тырысқанымен, шынайы ерлік пен қаһармандықтың үлгісі қашан да биік тұрады.

Жобаның құрылтайшысы — қоғам қайраткері, «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының негізін қалаған Әлия Назарбаева. Ол сонымен қатарқ оғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Ұлттық балалар әндерінің „Бала дауысы“ жобасының авторы».

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир