Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Сонымен қатар әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандар да жазасыз қалмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда енді қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұлдың жаңа мөлшері енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске балағат сөз айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енді.

Яғни, балаға сөз айтқандар үшін салынатын айыппұл 17 250 теңгеден 69 000 теңгеге өсті, сондай-ақ 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандар да жазасыз қалмайды.

Бұан өзге, құқық бұзушы жеке тұлғаларды қорлау және тиісу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқа адамдарға сыйластық танытпау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын соған ұқсас әрекеттері үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Новости партнеров