Тоқаев экологиялық челленджді қолдайтынын айтты

26.07.2019 15:09

Елді тазалық аймағына айналдырайық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan», - деп жазды Президент.