Жолаушылар ұшағына елорда әуежайына қайта оралуға тура келді

27.03.2022 15:10

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайына Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.