Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылды

Almaty TV
Almaty TV

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаулы. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі. 

– Алматыда мопедтер, самокаттар, скутерлер кеңінен пайдаланылады. Бірақ, өкінішке орай көліктің бұл түрін жүргізген кезде жүргізушілердің көбі қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе оларды елемейді. Осылайша, олар жолдарда апатты жағдайларды тудырады, бұл көбінесе қайғылы салдарға немесе адамдардың жарақат алуына әкеледі. Өткен күнгі осындай апаттардың бірі мопед тізгіндеген 19 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеліп соқты, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов. 

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылған. 

– Құрметті жүргізушілер, көлік құралдарының қауіптілігі жоғары. Көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындап, абай болу керек. Бұл ЖКО-дан, жарақат алудан және әртүрлі қайғылы салдардан аулақ болуға мүмкіндік береді, – деп ескертеді Оралбек Ахимов.

Оқи отырыңыз: Алматыда бетон зауыты ашылды

 

Новости партнеров