Баланың жағдайы ауыр
Солтүстік Қазақстан облысында көпбалалы ана қызын жаралап, жазым ете жаздады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
11 жастағы жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті. Қазір жағдайы жақсы. Ал кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік балаларды шешесінен аулақ ұстау туралы шешім қабылданған.
«17 қыркүйекте Уәлиханов ауданындағы облыстық ауруханаға 11 жастағы қыз жеткізілді. Онда арнайы мамандар - хирург, реаниматолог шақырылып, жеткіншекке ота жасалды», - деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман.
Зардап шеккен қыз – үйдегі 6 баланың бірі. Бәрі бір шаңырақ астында ата-әжесімен тұрады екен. Анықталғандай, жанұяда алкогольдік ішімдікке ешкім тәуелді емес. Ал анасы сол сәтте ауыр психоэмоционалдық жағдайда болыпты. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Аталған факт бойынша кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жүргізілуде, барлық жағдай анықталатын болады», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылды