Коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі
8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.
Бұл тізімге елдер коронавирус жұқтырғандар саны аз болғандықтан енген. Оның ішінде Барбадос – COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 92, Багам аралдары – барлығы 102 адам, Мэн аралы – 336 адам, Норманд аралдары – 561 адам, Мальта – 625 адам және Кипр – 958 адам.
Басылым мәліметінше, аталған елдер дер кезінде коронавирусқа қарсы шара қабылдағандықтан аурудың алдын алған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асқан, сондай-ақ 400 мыңнан аса адам қайтыс болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34