Пилоттық станциялар қазіргі уақытта ҚазҰУ аумағында орнатылып жатыр
Алматыда 21 наурыздан бастап электрсамокаттар жалға беріледі. Бұл туралы «OZIM Scooters» ЖШС өкілдері айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Пилоттық станциялар қазіргі уақытта ҚазҰУ аумағында орнатылып жатыр. 300 самокат бар. Жалға беру құны әлі белгіленбеді», - деді компаниядағылар.
Еске салайық, Алматыда электрсамокаттардың жалға берілетіні жайлы 2018 жылдың қазанынан бастап хабарлаған еді. Ал 2019 жылдың маусымында Алматы әкімдігіндегілер электрсамокаттардың құны шамамен қанша болатынын айтқан еді. Минуты шамамен 25 теңгеден болады деген болатын.