Сот арқылы ол өзінің тірі екендігін дәлелдеп шыққан. Дегенмен құжаттарды қалпына келтіру мүмкін болмапты
Ол «қожайыны» қайтыс болғаннан кейін ғана бостандыққа шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Салават әскерден соң Қазақстанға келген. Құжаттарын жоғалтып алған ол досының ата-анасының үйіне жұмыс істеуге барыпты. Алайда осыншалық құлдыққа түсемін деген ой оның үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. Ұзақ жылдар бойы азамат тамақ пен ұйықтайтын жер үшін мал бағып, үй шаруасымен айналысыпты.
Жігіттің айтуынша, оның қазақстандық құжаты мүлдем жоқ екен. Ал отанында Салаватты қайтыс болғандардың тізіміне қосып қойған. Тіпті ол туралы куәлік те бар көрінеді.
«Келмей-ақ қойыңыз, сіз өліп қалдыңыз деп айтты. Менде ол туралы анықтама да бар. Елшілік жіберіпті. 2003 жылы Ресейде мені жерлеп тастаған. Өлгендер тізімінде тұрмын» , - деді Салават.
Сот арқылы ол өзінің тірі екендігін дәлелдеп шыққан. Дегенмен құжаттарды қалпына келтіру мүмкін болмапты. Қазір ол қолы жеткен жұмысты істеп, күнін көріп жүр екен. Отаныма тезірек қайтсам дейді ер азамат.
Бұған дейін Алматы облысында ер кісі 20 жылдан бері құлдықта жүргенін айтқан еді.