Көкшетау қаласында тұратын әйелдің үстінен ҚР ҚК 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғалды
Ақмола облысында жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Шара қолға алынғаннан бергі 3 күн ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшелер, әкімшілік полиция және көші-қон қызметі бірлесіп, өнеркәсіптік орындарда, ауыл шаруашылығы аумақтарында, көңіл көтеру, монша, қонақүй кешендерінде рейд жүргізді. Соның нәтижесінде, адам саудасына қатысты 4 қылмыстың беті ашылды. Оның екеуі жезөкшелікке тарту және екеуі жеңгетайлыққа қатысты», - делінген хабрламада.
Ведомство атап өткендей, Көкшетау қаласында тұратын әйелдің үстінен ҚР ҚК 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғалды. Әйел қорқыту, бопсалау, күш қолдану арқылы 23 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Дәл осындай оқиға Щучье қаласында анықталды.
Сонымен қатар, арнайы шара кезінде Щучье және Степногор қалаларында жеңгетайлық оқиғасы әшкерленді. Онда заңбұзушылар белгіленген ақы үшін қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Күдіктілер қызмет ақысын 2 000 теңгеге бағалаған. Қазіргі кезде барлық оқиға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш санкция бойынша күдіктілер мүлкін тәркілеумен қоса, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.