Сол уақытта салонда 18 жолаушы болған
Шымкентте автобус өртеніп кетті. Салонда 18 жолаушы болған, деп жазады elitar.kz.
Абырой болғанда автобус өртенген уақытта жолаушылар сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге арнайы екі машина жұмылдырылды. Жалын толығымен сөндіріліп бітті. Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етті», – дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Мамандар жалынның шығу себеп-салдарын анықтауда. Болжам бойынша, өрт автобустың моторынан шығуы мүмкін.