Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

 akorda.kz
akorda.kz
Медицина саласының барша қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.

Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деп жазылған Президент құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы медицина саласының барша қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тілеген.

Новости партнеров