Танымал вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Facebook
Facebook
Төребаев пен Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматының тергеу соты вайнерлерді қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу үшін тағы екі айға дейін ұзартты.

Төребаев пен Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр. Олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын.

Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазір оны іздестіріп жатыр.

Новости партнеров