|
12.02.2019 | 10:15
1759

Алматы орталығында жүрген аю көпшілікті таңдандырды (ВИДЕО)

Тұрғындар Алматы орталығында жүрген аюды видеоға түсіріп, желіге жариялады. Кадрда ғимарат жанында аюдың жүргені байқалады, деп жазады Stan.kz.

Жыртқыштың тұмылдырығы мен жібі бар. Видео авторының айтуынша, оқиға қала орталығында түсірілген.

Аюдың мәскеулік цирк жануары екені белгілі болды. Аюды таза ауа жұту үшін сыртқа шығарған екен. Бұл аюдың аты Афанасий.

«Аюларды таза ауада демалтқан дұрыс. Оларды дрессировщикпен бірге сыртқа шығарады. Видео алматылық цирк маңында түсірілген. Ғимарат қуысында дрессировщик Федор Шандурин отырған. Біздің жануарлар дрессировщиксіз жүрмейді», – дейді цирк басшысының орынбасары Парвиз Гаджиев.

Түркістан облысында мал базарында жыртқыш аю сатылғанын хабарлаған едік.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир