Қазақстандық балалар чип орнатылған киім киеді
Youtube хостингіндегі видеодан алынған кадр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық балалар чип орнатылған киім киеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, биыл цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. Сомасы 30 миллиард теңге бөлінген жобалар түрлі салаға, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауға қатысты болады. «Мысалы, біз балаларымыздың Қытайдағы сияқты киімінде чип болғанын қалаймыз», - дейді Ахметов. Оның айтуынша, осылайша ата-ана балаларының қайда жүргенін біле алады.
ШҚО әкімі чиптерді сатып алу шығынын мемлекет мойнына алатынын атап өтті. Ал жобаны енгізу үшін Kundelik электрон жүйесі негіз болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56