Алматыда «Назар аударыңыздар!» деген дабыл қағылады
kaz.tengrinews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
7 ақпан, бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 12.55-те ескерту жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру кезінде «Назар аударыңыздар!» деген бірыңғай ескерту дабылы электр дыбысы арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді.
Алдағы уақытта тексеріс айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12.55-те болады, ал мереке күнге түсіп қалған жағдайда ол келесі бейсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырды.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37