Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген
elements.envato.com
Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 19 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.
"Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына жақын маңда итті қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды. Итті өртеген 2003 жылғы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оның қасында 2007 жылғы жасөспірім болған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47
Қазақстанда «Республика үшін 1000 берік отбасы» акциясы басталды
28.10.2026 08:29