Жылдың үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды

zakon.kz
zakon.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының жеңімпаздарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1. Вилямов Арман Адилжанович – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

2. Бекеева Айжан Есболовна – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы

3. Али Рустам – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі

4. Баймаханов Артур Әлішерұлы – Нұр-Сұлтан қаласы Бас көлік прокурорының аға көмекшісі

5. Жумадилов Мирас Маратович – Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Су ресурстары бөлімінің бас маманы

6. Сағитулы Ғазиз – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің Медициналық қызметтер көлемін болжау және жоспарлау басқармасының басшысы

7. Конбай Айнагуль – Ақмола облысы Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

8. Бажирова Аида Сагитовна – Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы

9. Салманова Раслана Болатовна – Ақтөбе облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы

10. Махай Алмат Алтайұлы – Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы

Новости партнеров