Алматыда 12 жастағы қыздың терісі сыпырылып түсіп қалды

Алматыда 12 жастағы қыздың терісі сыпырылып түсіп қалды
Оған дәрігерлердің салған дәрісі себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық зейнеткер дәрігерлердің кесірінен немересінің терісі күлдіреп түсіп қалғанын айтты. Қос зейнеткер дәрігерлердің жазаланғанын қалайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен  соң Диананың жағдайы күрт нашарлай бастайды. Тыныс алуы қиындап, тіпті терісі сыпырылып түседі. Оған дәрігерлердің салған дәрісі себеп болған. Алайда ақхалаттылар дәрінің аллергия беретінін алдын ала анықтай алмаймыз деп отыр.

«Баламыз ауруханаға түскен соң бізді кіргізбей қойды. Өйткені терісі күлдіреп түсе бастаған. Ертесі жансақтау бөлімінде жатыпты. Сол кезде бір-ақ айтты», – деді әжесі Жұмакүл Бекқожаева.

Диананың шашы мен қасы ғана аман. Терісінің 70 пайызы сыпырылған. Осыдан соң Диананы №2 ауруханаға ауыстырды.

«Қазір баламның жағдайы жақсарып қалды. Артур Сатенов деген жігітке рахметімді айтам», – дейді әжесі.

Алматы қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева Диананың бастапқыда дәріге аллергиясы болмағанын,  мұндай әсердің тек үшінші күні ғана байқалғанын айтты.

Жәбірленуші жақ Денсаулық сақтау министрілігі мен прокуратураға шағым түсірген. Олар қыздарын осыншалықты халге түсірген дәрігерлердің жазаланғанын қалайды.

Новости партнеров