Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтіп жатыр

05.11.2021 в 15:00

Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері.

Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.

QAZFORUM бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, ұйымдастырушы – «Business Event&Rent» агенттігі.

Форумда «Пандемия кезіндегі медиа-трендтер» туралы пікір алмасу болады.

Онда COVID пандемиясы әлемді өзгертті. Ол өзімен бірге тек инфодемияны ғана алып келді ме? Әлде бұл жағымды тәжірибе болды ма? Біз қандай сабақ алдық? Бізді қандай медиа трендтер күтіп тұр? Осы сынды медианың өзекті мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары үшін шағын іс-шарадан еліміздегі қазақ тіліндегі медиа, оның қоғам дамуындағы рөлі, БАҚ пен онлайн-медиа алдында тұрған өзекті күн тәртібін және қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылайтын  ірі пікірталас алаңына айналды. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауды және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму перспективаларын айқындауды ұсынады.