Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам адам зардап шеккен
Қазақстанның Бас прокуратурасы 32 жастағы кәсіпкердің Германиядан елге экстрадицияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
1989 жылы туған Айдос Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастырамын деп Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деген күдікке ілінді.
Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам адам зардап шеккен, келтірілген залал сомасы 34 миллион теңге шамасында.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Соған байланысты Шәріповке халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.