Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды. 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұған дейін берген мәлімет бойынша, жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.
"Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады.
Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болады", - деді комитет өкілдері.