Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлең мен романстар жазды
Қазақ музыкасының негізін қалаушылардың бірі МұқанТөлебаевтың шығармалары өзіне тән идеялық мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен классикалық маңызға ие болып, халқымыздың асыл мұрасына айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұқан Төлебаев (1913-1960) — композитор, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазКСР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері. Алматы педагогикалық училищесінде, Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ опералық студиясында оқыған.
1941-1945 жылдары Е. Брусиловскийден сабақ алған. 1951 жылы Мәскеу консерваториясын профессорлар Н. Я. Мясковский мен Б. Г. Ференің композиция класы бойынша бітірген. Ол - қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композитор.
«Аманкелді» операсының (Е.Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазКСР Мемлекеттік гимнінің (Е. Брусиловский мен Л. Хамидимен бірлесіп) әуенін жазған автор. Қазақ музыкасына аса бағалы мұра ретінде қосылған оның «Біржан мен Сара» операсының орны бөлек. Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлең мен романстар жазды, халық әндерін өңдеді, М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының спектакльдеріне, фильмдерге арнап музыка жазды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі