|
08.02.2023 | 10:18
508

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады

Құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндігін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралы мен жабдықтың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.

Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар тәжірибелі маман болып табылады, олардың азаматтарды құтқаруда және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюда практикалық дағдылары мол.

Бұған дейін қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир