Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен сәби құлап кетті
Бір жарым жасар қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жарым жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды alau.kz.
Оқиға 26 мамырда болған. Бір жарым жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетіпті.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Жедел жәрдем сәбиді Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - деген мәлімет берді басқарма.
Өңірдің дәрігерлері ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30