Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
CC0 / Pexels /
Дәрігерлердің айтуынша, салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен.
Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты.
Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.
Бұған дейін Түркістан облысында 23 жастаға ана үшем босанған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30