14 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады
Almaty.tv
ШҚО-да боран соғып, тұман түсіп, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
14 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оралда да ауа райы тұманды, желді болады.
ШҚО-да боран соғып, тұман түсіп, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Петропавлда аяз 35-37 градусқа дейін жетеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00