QAZAQ AIR авиакомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

QAZAQ AIR авиакомпаниясы Ресейге барлық рейсін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «QAZAQ AIR авиакомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі (12 наурыз) рейс орындалмайды», - деді мекемеден. 

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда. Билеттерді қайтару сатып алған жерлері бойынша жүзеге асырылып жатыр. Егер ұшу құжаты авиакомпанияда сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электронды поштасына хабарласу қажеттігі айтылды. 

«Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. QAZAQ AIR авиакомпаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр», - деді компанияның баспасөз қызметінен.

Новости партнеров