Қазақстан Қырғызстанға 10 мың тонна ұн жібереді

07.05.2021 15:21

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті

turantimes.kz

Қазақстан Қырғызстанға 10 мың тонна ұн жібереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», — деп жазды ол.