«42 500 теңгеден»: министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды

07.10.2019 18:16

Мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін белгілеу ұсынылады

фото из открытых источников

Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірлеген.

Біржан Нұрымбетов, көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін белгілеу ұсынылады деді.